World Scholar’s Cup! жеңімпаздары 🎉🎉🎉

30-31 наурыз күндері Астана қаласында республикалық деңгейдегі World Scholar’s Cup интеллектуальды ойыны өтті. Жарысқа әр түрлі елдердің қатысушыларымен қатар, Ақтаудағы зияткерлік мектептің оқушылары да қатысты. Нақтырақ айтсақ, үлкен лигаға – Жансая Туралиева, Ляззат Чакыева, Ислам Шамханов енсе, кіші лигаға 8 сынып оқушылары  Жадыра Узакбай, Камила Оразгали,  және Адема Базарбаева енді.

Жарыс бірнеше сатыдан тұрды. Олардың жинаған баллдары командалық және жеке есептелді. Мұндай байқауда қатысушылардың бәріне қиын болары сөзсіз. Себебі барлығы халықаралық деңгейге өткісі келеді. Бірақ жеңімпаз біреу. Байқаудың қорытынды нәтижесінде зияткерлік мектептің командасы алтын медальді жеңіп алды.

Ал тақтырақ айтар болсақ:

Жадыра Узакбай 8с – «Да Винчи» турында алтын медаль,

Адема Базарбаева 8д – «Да Винчи» турында алтын медаль,
Камила Оразгали 8д – алтын медаль және Кіші лиганың ең үздік дебатшысы, Кіші лиганың қатысушылары арасында ең үздік көрсеткіш, турнир қатысушыларының арасындағы ең үздік көрсеткіш. 

 

Жансая Туралиева – Writing ең үздік жеке көрсеткіші үшін алтын медаль, Үлкен лига қатысушылары арасындағы ең үзхдік нәтиже.

Writing бөлімінде Жансая Туралиева, Ляззат Чакыева, Ислам Шамханов командалық есепте алтын медаль алды. Жарыстағы ең үздік көрсеткіші үшін мектеп командасы ТУРНИРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ӨТТІ.

Айта кету керек, байқау қатысушыларының ішінде Ақтаудағы зияткерлік мектеп пен Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (халықаралық бакалавриат) оқушылары өтті.

Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Сол жеңіске жетелеп, балаларды тыңғылықты дайындап, тынымсыз еңбектеніп, солар үшін жанкүйер болған, тақым қысқан сабақ беріп жүрген ағылшын тілі пәні мұғалімі, тренер Асель Батталоваға алғыс айтамыз. Асель сіз үздіктердің үздігісіз! Оқушыларыңызға және сізге тек сәттілік пен жетістіктер тілейміз! 😍😍😍🤩