ДАНАНЫҢ ФРАНЦИЯДАҒЫ ЖЕҢІСІ

Зияткерлік мектепте тағы бір тамаша жаңалық!

Оқу ордамыздың 10 «F» сынып оқушысы Дана Есбергенова Франциядағы «Euro Media Star Group» холдингі ұйымдастырған халықаралық «The Big Progress» қашықтықтағы ғылыми жобалар конкурсының ІІ деңгейлі лауреаты атанды.

Дана Есбергенованың ғылыми жетекшілері – мектеп директорының орынбасары, химия пәні мұғалімі Бақытгүл Жақсылықова мен «Қазақстандағы биоалуандықты сақтау ассосоциациясының» төрағасы Әділбек Қозыбақовпен бірігіп жасаған «Городское водно-болотное угодье как модель экосистемы устойчивой к антропогенному воздействию на примере озера Караколь» атты ғылыми-зерттеу жобасы жарыс қазылар алқасына ерекше әсер қалдырды. Нәтижесінде зерттеу жұмысы «Биология» секциясындағы үздік жұмыстардың үштігіне енді.

 

Жас зияткер Қаракөл қолдан жасалған көлшігінің биоалуантүрлілігін сақтау жұмыстарымен бірнеше жылдан бері айналысып жүр. Ол көлге қыстап, көшу барысында келетін құстардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында көл жағалауына табиғатты қорғау инспекторларына арналған «қарау алаңын» құруды ұсынуда.

Халықаралық байқаудың сарапшылардан құралған төрағалары Дананы Ницца қаласына марапатты тапсыру үшін шақырды. Жеңімпаз алдағы уақытта жүлдесін алуға барады.

«The Big Progress» – халықаралық сайысы «Euro Media Star Group» холдингі ұйымдастыратын ғылым саласындағы дәстүрлі конкурстардың бірі. Аталған холдинг ұйымдастырған сайыстарда 2016-2018 жылдар аралығында әлемінің 47 елінен 185 мыңнана аса бала бақ сынаған.

Дана мен оның ғылыми жоба жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз!