SAT емтиханынан үздік көрсеткіш

Қазан айының жаңа аптасы тамаша жаңалықпен басталды. Білім ордасының 12-сынып оқушылары Айгерім Шораева және Даяна Булатбекова SATемтиханынан жоғары балл жинап, тамаша нәтиже көрсетті.

Қазанның 5-і күні SAT Reasoning Test тестін тапсырған Айгерім Шораева максималды 1600 баллдың 1480 ұпайын жинаса, Даяна Булатбекова 1470 ұпай жинады. Қазіргі таңда болашақ түлектер өміріндегі ең маңызды қадамдарының бірі – мамандық таңдау үстінде. Сондықтан өз бақтарын сынап, бар мүмкіндіктерді пайдаланған дұрыс деп санайды. Білім ордасында шет елдік университеттердің талап ететін халықаралық емтиханына дайындықты білім ордасының ұстаздары өздері өткізіп, зияткерлердің үздік нәтиже көрсетуіне күш салып жатқанын айта кеткен жөн.

– Емтиханға дайындаған барша ұстаздарыма алғысымыз шексіз. Бұл біздің ортақ жеңіс дейді, – қыздар емтихан жайлы.

Айта кетейік, SAT Reasoning Test (SAT I) – америкалық университеттердің үміткердің сыни ойлау жүйесіне баға беретін емтихан.