«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік ектебінің оқушыларының «Оранж» кафесінде ішімдік ішу дерегі бойынша Polisia.kz сайтына сілтеме жасалып жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушыларының бесеуі кәмелеттік жасқа толмаған және  «Оранж» кафесінде ата-анасының қарауынсыз отырған. Спирттік ішімдіктерді ішпеген және қоғамдық тәртіпті бұзбаған.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуына байланысты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасына ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.