БАЙҚАУ ТЕСТІ өтетіндігін хабарлаймыз!

ҚҰРМЕТТІ 7-СЫНЫПҚА ҮМІТКЕРЛЕР МЕН АТА-АНАЛАР!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына конкурстық іріктеу аясында БАЙҚАУ ТЕСТІ өтетіндігін хабарлайды.

Байқау тесті компьютерлік тестілеу форматында жүргізіледі және конкурстық іріктеудің барлық бөлімдерін қамтиды.

Байқау тестіне қатысу бағасы 3 000 теңге.

Байқау тестіне тіркелу онлайн тіркелу порталы trialtest.nis.edu.kz арқылы жүзеге асады.

 

Байқау тестіне тіркелу тәртібі:

1-қадам. Онлайн тіркелу порталында байқау тестіне қатысушының заңды өкілінің тіркелуі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші және т.б.);

2-қадам. Байқау тестінің өткізілетін күні мен орнын (қала, мектеп) белгілеу (заңды өкілінің жеке кабинетінде);

3-қадам. Байқау тестіне қатысу туралы келісімшарттың (оферта) шарттарымен танысу;

4-қадам. Байқау тестінің төлемін ePay онлайн төлем жүйесі немесе Қазақстан Республикасы банктерінің филиалдары мен бөлімшелері арқылы жүзеге асыру;

5-қадам. Қатысушының байқау тестіне сәтті тіркелгені туралы хабарлама және рұқсатнама алу;

6-қадам. Байқау тестіне қатысушының рұқсатнамасын басып шығару.

Байқау тестінің өту күндері:

22 желтоқсан 2018 жыл;

5  қаңтар2019 жыл;

19 қаңтар 2019 жыл;

2 ақпан 2019 жыл;

Толық ақпарат: nis.edu.kz («Байқау тесті» бөлімі)

Тел: 70 10 61.