НЗМ оқушыларының жұмысы ЮНЕСКО каталогына енді

“Менің эко-ізім” республикалық экологиялық марафоны аясында “Планетаны сауықтыр”суреттер мен фотосуреттер конкурсы өтті.

Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ден астам адам байқауға қатысып, экологиялық тақырыпта фотосуреттерін, бейнелеу өнерін жіберді. Бірақ үздік жұмыстарының каталогына тек 125 қатысушы кірді. Олардың арасында біздің оқушылар Дастан Чадыкулов, Шұғыла Куаналыкызы, Әсем Кармысова және Расул Абуовтың жұмыстары бар. Сондай-ақ каталогқа біздің химия пәнінің мұғалімі Айбар Мырзабековтың фотосуреттері енді.

Байқау қорытындылары үш түрлі жас санаты мен номинация бойынша өтті. Жобаның мақсаты – қоршаған ортаның өзекті мәселелерін ашып, жерді сақтау идеясын жеткізу.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, “ECOJER” қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, каталогтағы жұмыстарды қараған әрбір адам алдымен табиғатты сақтауға өз үлесін қоса алатынын түсінеді, содан кейін экологиялық таза өмір салтын ұстануға ұмтылады.