НҰРДАУЛЕТ ПЕН АЙДАНА ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Зияткерлік мектеп оқушылары үнемі ізденіс үстінде жүретіндігі, ғылыми жобаларға қызығушылықпен қарайтыны баршамызға мәлім. Ғылымға қызықпай қарау мүмкін емес десек артық айтпаспыз. Себебі ғылым әлемі үнемі жаңалықтар мен ашылуларға толы. Сондай қызығушылықтың арқасында ерекше ғылыми жоба қорғаған Нұрдаулет Төребай мен Айдана Бисен. Олар 13-16 ақпан аралығында Алматыда өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында физика секциясы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, алтын медалға ие болды.

Нұрдаулет пен Айдана 11 “С” сыныбында оқиды. Олар физика пәнінде қызықты эксперименттерді жиі жасайды. Соның себебінен болар, жас ғалымдарымыз өткен жылы ерекше экспериментті қолға алды.Сынақты қысқаша түсіндірер болсақ, зерттеушілеріміз малдың қиын (көң, жапа) арнайы контейнерге салу арқылы биогаз өндіру. Олар жетекшісі Оңдасын Дәрменұлымен бірге биогаз өндіру үшін жаз бойы еңбектеніп, ақыры биогаз алып, оны көбейту жолын жасап шықты.

– Біз жобамызды Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығына енгізгенін қалар едік. Өйткені, табиғи газ бармаған мал шаруашылығымен айналысатын ауылдар бізде әлі де бар, – дейді олар.

Республика бойынша 750-ден астам қатысуының ішінен суырылып шығып, үздіктердің үздігі болған оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!