Маңғыстау мұғалімдеріне ашық есік күні ұйымдастырылды

Маңғыстауда жаңартылған білім беру бағдарламасын жалпы білім беру мектептерге жүйелі түрде енгізіп, педагогтардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау белсенді жүріп жатыр десек, артық айтпаспыз. Білім ордаларына тәжірибе тарату жоспарына сәйкес, Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептің ұстаздары қазан айының соңында бес аудандағы мектептерді аралаған болатын. Ал қарашаның 11-і күні мектеп ұжымы жалпы білім беру мектептерінің мұғадімдеріне ашық есік күнін өткізді. Басты мақсат – келушілерге білім ордасындағы сабақтарға қатысу арқылы түсінбеген сауалдарына жауап алуға жағдай жасау.

Ашық есік күніне жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ беріп жүрген облыстың 117 мұғалімі қатысты. Олар өз пәндері бойынша сабақтарға қатысты. Кейін пән мұғалімімен сабақты қорытындылап, сауалдар қойды. Бірқатар мұғадімдер бағалау жүйесі әлі де қиындық тудырып жатқанын айтты.

– Бүгін тарих сабағына қатыстым. Сабақ негізгі оқулық емес қосымша оқулықтармен өткізілді. Соған қарамастан жақсы өтті. Бірақ. Бәрібір де бағалау жүйесіне қатысты сауалдарым қалды. Әлі де сабақтарға қатыссам түсінетін болармын, – дейді №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Жандос Аманұлы.

Тәжірибе тарату үшін мектептің 44 мұғалімі жұмылдырылып, олар бағадау жүйесін түсіндіру үшін көбірек бала үлгеріміне назар аударды. Сонымен қатар, зияткерлік мектептеің пилоттық мектеп мұғалімдері де сұхбатқа қатысты. Олар көрсетілген сабақтың түсінікті екендігін баяндады.

Рысгүл Рамазанова,

Ақтау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз хатшысы