Лаура Байтокаева білім магистрі атанды

Зияткерлер ордасына тамаша жаңалық Нұр-Сұлтан қаласынан жетті. Білім ордасының ағылшын тілі пәні мұғалімі, «Ағылшын тілі» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Лаура Байтоқаева Назарбаев Университетінің магистратурасын аяқтап, білім магистрі атанды.

Еліміздегі №1 университеттің «білімдегі көшбасшылық» бағдарламасы бойынша білім арттырған педагогтың дипломы Ақтауға кеше келді.

– Еліміздің көшбасшыларына сапалы білім беру үшін, ақылдылар озған заманда оқушыларымызға үлгі болу үшін зияткерлік мектеп мұғалімдеріне артылар жүк көп. Үнемі білім шыңдау, іздену, жаңа әдіс-тәсілдерді байқап көру жаңа заман мұғалімі үшін өте маңызды. Сол себепті де осыдан екі жыл бұрын университетке құжаттарымды тапсырып бағымды сынап көрген едім. Сәті түсіп, оқуға түстім. Модульді оқу қызметтегі ұстаздарға өте тиімді болды. Сабақтан жиған білімімді бірден тәжірибеде қолдандым, – дейді ұстаз.

Тәжірибелі ұстазымыздың, ізденісі мен еңбекқорлығына тәнті болған біз – ұжымдасымызды шын жүректен құттықтаймыз.