Жатақхана өмірі

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Зияткерлік мектеп жатақханасы 132 балаға арналған. Жыл басынан бері мұнда алыс-шалғай аудандардан келген 44 ер, 66 қыз бала тәрбиеленіп жатыр.

Жатақхана бөлмелері 4 адамға есептелген. Әр бөлмеде төсек-орын, диван, кітап оқуға арналған үстел, киім шкафтары, жуыну бөлмесі және дәретхана бар. Санитарлық-нормативті ережелер қатаң сақталады.  Апта сайын тәрбиеленушілер төсек-орнын ауыстырады.Интернатта медициналық кабинет пен уақытша сақтау изоляторы бар. Балалардың денсаулығын интернат мейірбикесі бақылауда ұстайды.

Мектеп психологтары оқушылардың психологиялық жағдайларын бақылап, әртүрлі жоспарлы кездесулер, ойындар ойнап, тренингтер өткізеді.

Интернат қызметкерлері балалардың кітап оқуына аса мән береді. Сол себепті интернатта кітап оқуға арналған бұрыш бар. Сонымен қатар, әр қабатта балалар бос уақытын өткізу үшін теледидар қойылған. Интернат тәрбиеленушілері «Заңғар», «Зерде», «Ұшқын», «Самұрық», «Зияткер» деген бес топқа бөлінген. Әр топтың тәрбиешісі балалардың іс-қимылын бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, олар балалардың сабаққа дайындалуын, мектеп шараларына белсенді қатысуын да жіті қадағалайды. Балалар қауіпсіздігі үшін интернатта бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

Балалар тәртібін өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелері де қадағалайды. Олар интернат кеңесін құрайда, ал оқушылар интернат кеңесінің мүшелеріне сайлау арқылы таңдайды. Интернат кеңесі бөлме старостасын тағайындайды, жатақаханадағы шаралаарға белсенді қатысады, ұйымдастырады.

Жатақхана тәрбиешілері әр түрлі үйірмелерді жүргізеді. «Аспаздық академиясында» балалар ас пісіруді үйренса, «Шебер қолдар» үйірмесінде қыздар тігін тігу мен тоқуды, «Позитиv» үйірмесінде фотоға түсіруді үйренеді. Сондай ақ «Ақ ладья» шахмат клубы мен  «Жасын» дебат клубы да бар.

Жексенбі күндері тәрбиешілер балалармен бірге қызықты шаралар өткзеді.