ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ

«ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Ғаламдық азаматтық» немесе «жаһандық азаматтық» дегеніміз – әлеуметтік, саяси, экологиялық, экономикалық іс әрекеттер мен қоғамдастықтарға жаһандық масштабта қарауды білдіретін термин. Ол жарқын болашақ үшін әлемге достық, теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік көзқарасымен қарауды білдіреді. Бұл жеке тұлғаның тек қана белгіленген, қатып қалған ұйымдардың ғана емес, көптеген әрі әртүрлі жергілікті және халықаралық ұйымдардың мүшесі екендігін көрсетіп, адамдарға әлеуметтік жауапкершілікті жүктейді.

Жаһандық азаматтық концепциясы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Тұрақты дамудың мақсаттары» атты құжатының 4 пунктінде  «Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу мақсат етілген толық әрі сапалы, ұзақмерзімді оқуға ықпал ету» деп көрсетілген. Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері болашақ көшбасшыларға білім беру барысында жаһандық азаматтық ұстанымын бірнеше бағытта тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Зияткерлік мектеп оқушылары жаһандық азамат түсінігі туралы не ойлайды? Оны төмендегі видеодан көре аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=6dixs9gcbrI (мына видео шығып тұруы керек).

Жаһандық азаматтық туралы мәліметтер

what-does-it-mean-to-be-a-global-citizen

Global Citezenship_Topics and learning objectives_UNESCO

Global Citezenship_Preparing learners for the challenges of the 21st centuryG-Global

Global Citezenship Education_an emerging perspective

 

БІЗ ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚТЫ ҚАЛАЙ ДӘРІПТЕЙМІЗ?

Жаһандық азаматтық құндылықтарын дәріптеу мақсатында атқарылған жұмыстар

 

Зияткерлік мектепте жаһандық азаматтық көзқарасын қалыптастыру мақсатында оқу процесімен бірге бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіледі.

  

– Сабақ мақсатындағы құндылықтар сабақ жоспарынан бөлек түсіну, қолдану, сараптам және қажеттіліктерден тұрады. Мәселен, әлемдік деңгейде танымал спортшылар зияткерлік мектептегі дене шынықтыру пәніне қатысып, балалардың спортқа деен қызығушылығын оятып, әлемдік деңгейдегі дүниетанымының қалыптасуына үлес қосты.

  

– Оқушылар танымал тұлғалармен факультативті курстарда және үйірмелерде танысады. Балалар әлемнің әр тілінде ән айтып, би билейді. Мәселен: татар, орыс, грузин, испан, үнді билері. Бидің арқасында олар сол елдің мәдениетінен хабардар.

– Мектебімізде жыл сайын Бетховен, Бах, моцарт, Чайковскийдің туындыларымен жақынданыстырып, Вена балымен пара-пар «Сұлулық балы» ұйымдастырылады.

  

– 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігін паш ету мейрамы. Бұл мейрамда барлық оқушылар әр елдің ұлттық киімдерін киіп, флешмоб билейді.

  

  

– Оқушылар сабақ барысында жаһандық азаматтық ұғымын талқылай отыра, өз ойларын постерлер мен фуреттер арқылы жеткізеді. Барлық постерларды мектеп әкімшілігі бағалады.

  

– Оқу жылында шет елдік ұстаздар өз елдерінің апталығын ұйымдастырады. Апта бойы мұғалімдер мемлекеттерінің тарихымен, мәдениетімен, дәстүрлерімен, өнерімен таныстырып, әртүрлі шаралар өткізеді.2017-2018 оқу жылында балалар мына елдермен жақынырақ танысты: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Үндістан, Австрия, Африка.

  

– Үштілділік апталығы өтіп жатыр және біз тілдік қарым-қатынастар мен оқиғалар туралы айтып жатырмыз.

  

– 9-мамыр күні балалар Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдер туралы айтып жатыр. Мектеп кураторлары батырлар туралы сабақ өткізу үстінде.

  

– Балалар жаһандық экология мен жылыну мәселесіне арналған фестивальдерге қатысып, өз үлестерін қосады.

  

– Оқушылар Каспий мен Қаракөлге келетін құстарды санайды. Олардың қайдан келіп қайда ұшатындықтары туралы мәліметтер алады.

  

– Мектеп мұғалімдері мен оқушылары Маңғыстау кереметтерін шет елдік ұстаздармен бірге танысады, ақпарат алмасады.

  

– 2017 жылдың қыркүйегінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты халықаралық жастар форумына белсенді қатысты. Әзірбайжан, Ресей, Түркия, Түрікменстан, Ираннан арнайы делеагциялар келіп мектеп өмірімен, ғылыми және әлеуметтік жобалармен, балалардың өнерімен танысты.