ФУТЗАЛ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТУҒАН ЖЕРДЕ

Бүгін зияткерлік мектеп ұжымы Қызылордадағы футзалдан өткен желілік олимпиаданың жүлдегерлерін теміржол вокзалынан сый-құрметпен күтіп алды.

Айта кетейік, Қызылордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-8-сынып оқушылары арасында футзалдан II Желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі аяқталып, жеңімпаз командалар анықталған еді.

Қыздар арасында өткен тартысты додада Ақтаудағы зияткерлік мектеп оқушылары бас жүлдеге ие болды. Ал ұлдар құрама командасы ІІ орынға ие болып, Шымкент қаласында өтетін ақтық кезеңге жолдама алды.

Ал спартакиаданың “Үздік ойыншысы” асатғын Жансүйген Нұратакова, ал Рауан Асылхан “Үздік қақпашы” атанды.

Жас спортшыларымызды бапстаған дене шынықтыру пәні мұғалімі Асет Каукеев пен Асхат Арыстановқа ризашылығымызды білдіре отырып, жүлдегерлерімізді жеңісімен құттықтаймыз!💐