Қажетті құжаттар

Үміткерлердің байқауына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2. Сауалнама;
3. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі;
4. Заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
5. 086/у медициналық анықтама  формасы;
6. Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. (Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек);
7. Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады
;
8. Пластикалық тезтікпе (скоросшиватель);

 

 

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтау қаласы, 33-шағын аудан, 16 ғимарат. Тел: 70 10 66.

Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі –сенбі – 09:00 – 18:00;
Жексенбі – 10:00- 15:00.