ИНТЕРНАТТАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Ата-аналармен байланысты нығайту бағытында Жатақхана ұжымының ұйымдастыруымен «Әке-асқар тау, ана – бұлақ, жақсы ұл мен қыз – жанған шырақ» тақырыбында ақпанның 12 күні Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақханада ата – аналармен кездесу өтті.
______________________________________
Ата – аналарға ең алдымен жатақхана тәрбиеленушілері және олармен жасалынып жатқан жұмыстар туралы видеоролик көрсетілді. Жатақхана тәрбиеленушілері үйірме сағаттары және ғылыми жұмыстары бойынша шеберлік сағаттарын көрсетті. Жатақхана меңгерушісі Жаңагул Жумахметовна жатақхана тәрбиеленушілермен ата – ана арасындағы байланысты нығайту, ата – аналарды жатақхана өміріне көбірек тарта отырып, балаларды ата – ана тәрбиесімен қамтамасыз ету, ата – ана мен бала арасында жиі кездесулер арқылы жанұя жылылығын сездіру туралы тақырыпта сөз қозғап, ары қарай бірлескен жұмыстарды жүргізу мақсатында ата-аналар комитетін құруды ұсынып және ата-аналармен өткізілетін іс – шаралардың жоспарымен таныстырды.
_____________________________________
Жиналысқа мектеп директоры Ермек Серікұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Амировна, мектеп психологы Айгул Тыныштыковна, Астана қаласындағы түлектер Ассосиациянан келген қонақтар катысты. Жиналыс соңында кері байланыс орнату мақсатында рефлексия алынып, Тілек кітабына өз пікірлерін қалдырды. Ата – аналарға естелік сурет ұсынылды.