Дәстүрлі – Cұлулық балы

Қарашаның 11-і күні мектебіміздің 10-11-сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Сұлулық балы» өтті. Өзін-өзі басқару ұйымының үшінші рет ұйымдастырған шарасы биыл бірқатар өзгерістерге ұшырады.

Шараның биылғы ерекшелігі  деп 7, 8, 9 сынып оқушыларының балға қатыспауын атауға болады. Мектеп әкімшілігі мен өзін-өзі басқару ұйымының түсіндіруінше, төменгі сынып оқушыларына шараны өткізбеудің бірнеше себептері бар.

  • Мектебімізде жыл сайын өткізілетін «Сұлулық балы» Каспийдің көркі саналатын аққулардың сұлулығына, тазалығына, әсемдігіне тамссанудан туған идея. Сол себепті де күзгі немесе веналық балл деп емес, «Сұлулық балы» деп аталады. Біздің басты мақсатымыз – оқушыларымыз, көпшілік ортада өзін-өзі ұстай алып, классикалық әуендермен танысып, оған ырғақты би билеп, эстетикалық тұрғыда өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу. Үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылықты талап ететін шараны төменгі сынып оқушыларына ұйымдастырудан бас тартқан себебіміз сол, – деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Ихсанова.

Биылғы балддың тағы бір ерекшелігі қатысушылардың бір емес үш би билеуі. Олар дәстүрлі «Бетховен вальсін», «полька» және «Чайковский гүлдері» атты үш биден тұрды.

Мектеп хореографы Сания Мырзабекқызының сөзінше, ұйымдастырушылар осылайша, кештің сәнін кіргізіп қана қоймай, әлемдік үлгідегі билермен таныстыруды мақсат тұтқан.

Сондай-ақ, жиын барысында шығармашыл оқушылардан құралған “Сағым” инструменталды-вокал тобының тұсаукесері өтті.

  • Осы жылғы балл оқушыларға ұнайды деп сенеміз. Біз мүмкіндігімізше тырыстық, -деді өзін өзі басқару ұйымының президенті Райымбек Ақкөлұлы.

Дәстүрлі баллдан соң, оқушыларға қысқа мерзімді би кеші өтті.

 

Рысгүл Рамазанова,

Ақтау қаласындағы

Назарбаев Зияткерілк мектебінің

баспасөз хатшысы