Черновик

❗️6-сынып оқушыларының назарына!

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына түсуге дайындау мақсатында бүгін Виртуалды мектепке тіркелу басталды. Бұл жобада қатысушылар «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша тегін оқу курсына қатысып, алған білімдерін қорытынды тестілеуде сынап көреді. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар Зияткерлік мектептер базасында өтетін күндізгі сабақтар және конкурстық іріктеу тестілеуінің бейіндік пәндері бойынша кеңес алуға Каникулярлық мектепке шақырылады.

Виртуалды мектеп қатысушысы болу өте оңай. Ол үшін https://vs.nis.edu.kz/ порталында тіркелу қажет.

Оқу курсы 25 қазан мен 24 желтоқсан аралығында өтеді. 17-24 желтоқсанда оқушылар қорытынды тест тапсыратын болады.

Мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар!