CASPIAN STARTUP-2021: Атырау мұнай және газ университеті Үздік стартапшыларға 10 білім грантын бөледі

Апта тамаша жаңалықтан басталды!«Caspian Startup-2021» халықаралық стартаптар байқауына Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ ісі университеті білім гранттарын бөлуге дайын екендігін хабарлады. Университет басшылығы жолдаған хатта биылғы стартаптар байқауының тақырыбы өте өзекті екендігін атап өтіп, жаңаратын энергия көздері тақырыбында стартаптар дайындаған үздік қатысушыларды білім грантымен қамтамасыз етуге дайын екендігін жеткізген.

«Университет басшылығы мұндай конкурстың өтуін толығымен қолдайды және ең үздік жобалардың аторлары мен жеңімпаздарға С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің 10 білім грантын бөлуге дайын», – деп көрсетілген хатта.

Байқау ұйымдастырушылары жоғары оқу орнының басшылығының баламалы энергия көздері тақырыбына қолдау білдіріп, жаңашыл стартаптарға қызығушылық танытқандығы үшін алғыс білдіреді және байқау серіктестігіне қуана қабылдайды.Жылдың ең қызықты байқауы енді қыза бастады. Алғашқы іріктеуден кімдер өткендігін күтіп жүрсіз бе?