“БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА” ҚАЙЫРЫЛЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Желтоқсанның 5-і күні зияткерлік мектепте ҚР Тәуелсіздік күніне арналған “Бір шаңырақ астында” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. “Росток добра” (Мейірім өскіні) еріктіліер тобының бастамасымен биыл үшінші жыл қатарынан өткізілген шараға ата-аналар, кураторлар, мектеп интернатының тәрбиешілері, өнер пәні мұғалімдері мен оқушылар белсенді қатысып, үйден түрлі тәттілер мен дәмді ас, қолөнер бұйымдарын дайындап әкелді.

– Биылғы қайырымдылық шараның тағы бір ерекшелегі – әр түрлі елдердің асын арнайы постер арқылы бөліп қоюымызда. Бұл балалардың әр елдің асханасымен танысуға мүмкіндік береді, – дейді ерікті топ мүшесі Алуа Канаева. 

Әсел Өмірбек, 8-сынып оқушысы. Қайырымдылық жәрмеңкесінің өтетіндігін естігеннен кейін бір күн ішінде 20-дан аса жаңа жлдық шыршаға арналған ойыншықтар жасап шығыпты. Оған материал ретінде фетр (өңделген киіз) матасының қалдықтарын пайдаланған.

  • Жәрмеңкеге екінші рет қатысып тұрмын. еңбегіңді достарың, сыныптастарың, мұғалімдер бағалағаны қуантады. Бәрі қызығушылықпен алып кетті. Қысқа уақыт ішінде барлық өнімімді сатып тастадым.Ал түскен қаражаттың көмекке мұқтаж балалар мен отбасыларға жұмсалатындығын естігенде қуандым. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, оқушы бола тұра көмек көрсете алатындығыма, осындай үлкен шараның бір бөлшегі екендігіме қуанамын, – дейді Әсел.