1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл күні барша халық өлкелердегі орталық алаңға шығып, көпұлтты Қазақстан бейбітшілік, татулық пен бірлікті тойлайды. Бұл игі мерекені тойлауға Ақтаудағы зияткерлік мектеп те белсенді қатысты.
Дәстүрлі кездесу әдеттегідей Тәуелсіздің алаңында өтті. Мұнда мектеп оқушылары мен жүзден аса мектеп мұғалімдері жиналып, алаңдағы шеруде жүріп өтті. Өнер пәні бірлестігінің еңбекққор ұстаздары дайындаған зияткерлік мектептің тулары салтанатты шараның көркін аша түсті.
Кейін шара қатысушылары Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың құттықтауын тыңдап, мерекелік концертін тамашалады. Ал зияткерлік мектептің тәрбие блогы «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі» әлеуметтік жобаларды көпшілікке таныстырып, «Қазақтың 100 әні», «100 күй», «100 кітап» жобалары туралы баяндалған брошюраларды таратты.
-
Бүгінгі мерекедегі басты мақсатымыз – зияткерлік мектептегі жобаларды таныстыру арқылы, тұрғындарға тәжірибемізді көрсету, олармен етене жақын танысу, ерекше жобалардың басқа да мектептерде, отбасында, мекемелерде жүзеге асыруға болатындығын түсіндіру, ой салу, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Әмірқызы.
Көңілді мереке мектеп кураторлары дайындаған көрмемен аяқталды.