Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасының жұмысы мектеп құндылықтарының қағидаларына негізделе құрылған.

Мектеп кітапханасының негізгі жұмыс бағыты төмендегідей: 

  Жан-жақты рухани және зиятты тұлғаны қалыпты тәрбиелеу үшін жағдай туғызу;

  Мектептегі оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

  Мұғалімдер мен оқушылардың үздіксіз білім алуына ықпал ету;

  Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

  Адамгершілік қасиеті жоғары тұлғаны қалыптастыру;

  Мектеп ұжымының барлық қызметкерлеріне кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  Қоғаммен және ата-аналармен ынтымақтастықта болу.

Қазіргі таңда кітапхана заманауи әлемдегі қалыптасқан және белсенді дамыған ақпараттық білім беру кеңістігінің бір бөлшегі, мәдени-ағартушылық және ғылыми-қосалқы, жинақталған және қолжетімді ақпараттық дереккөздермен қамтитын әлеуметтік институт болып табылады. Нақтырақ айтқанда, кітапханада өз бетімен іздену дағдыларына қол жеткізілуі, әр түрлі дереккөздерінен алынған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ақпараттардың салыстырылуы және сыни бағалануы тиіс  на казахском, русском и английском языках.
Мектеп кітапханасы жұмысының стратегиялық мақсаты: білім беретін, ақпараттық және мәдени орталық ретінде кітапхана жұмысын ұйымдастыру, халықаралық деңгейге жету үшін мектептер мен кітапханалардың дамуына, мектептің миссиясының іске асырылуына қолдау көрсету.

Кітапхананың негізгі міндеттері:
– Оқырмандардың ақпараттық сұраныстары бойынша мектеп кітапханасын пайдалану ережелеріне сәйкес оқушыларға, мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне толық және жедел кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
– Мұғалімдердің жұмыстарына, оқушылардың білім беру жобаларына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына көмек көрсету, кітапхана пайдаланушыларының ақпаратқа ашық және еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Кітапханалық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, оқырмандарға ақпарат іздеудің заманауи әдістерін, кітапты пайдалану дағдыларын үйрету, кітаптар мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, іздеу, таңдау және ақпаратты сыни бағалауға үйрету; оқушылардың бойына тәуелсіз кітапханалық және ақпараттық пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
– Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары барысында әрбір оқушының жеке шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.

Біздің кітапхана жаңа, заманауи және ыңғайлы жиһаздармен жабдықталған, бірнеше аймақтардан тұрады:

 

Reading zone

Бұл жерде қазақ, орыс және ағылшын әдебиеттерінің классикалық шығармаларынан бастап қазіргі заман әдебиеттері орын алған. 

Research zone

Бұл жерде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі сөздіктер, ғылыми-зерттеу әдебиеттері, энциклопедиялар бар

Interactive/study zone and learning zone

Мұнда оқытудың белсенді әдістерін қолданып, қабырғалы және жылжымалы интербелсенді тақтаны пайдаланып іс-шаралар мен сабақтар өткізіледі. Әрбір оқырманға ноутбуктерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылған

Кітапханада кураторлар мен мұғалімдердің бірлесуімен оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында 100 кітап, Bookcrossing, 1,2,3 сияқты шаралар өткізіледі. Кітапханада оқырмандармен жеке жұмыс жасауға, оларға кітап таңдауда кеңес беруге, әдебиеттерді таңдауды жүзеге асыруға, жобалық-зерттеу жұмыстарына көмек көрсетуге көп көңіл бөлінеді. Кітапхана оқырмандарының қызығушылығының жоғары дәрежеде болуына ықпал жасайды.

Ғаламтор дереккөздеріне қол жеткізуде кітапханалық және ақпараттық қызметтер спектрі айтарлықтай кеңейтілді. EBSCO, Twig Bilim, Bilimland, iMektep сияқты электронды дереккөздерді пайдалануды түсіндіру мақсатында кеңестер, тренингтер, вебинарлар өткізіледі.

Оқушыларды академиялық, танымдық және көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету білім беру үдерісін табысты ұйымдастырудың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Кітапхананың жалпы қоры 14 000-нан астам кітаптан тұрады.

Кітапхана балаларға арналған анықтамалық, танымал-ғылыми және көркем әдебиеттермен жабдықталған. Кітапхана қоры мемлекеттiк меншiкте болады. Кітап қорларының орналасу реті бөлімдер және әліпбилік тәртіппен жүзеге асырылады.


Білім қоры жеке бөлмеде орналасқан, орналастыру сыныптар мен оқу тілі арқылы жүзеге асырылады. Оқу жылының соңында кітапханаға барлық кітаптар тапсырылады.
Кітапхана коллекцияларын сақтау қауіпсіздігін алдын алу мақсатында, жыл сайын кітапхана қорын түгендеу өткізіледі.
Кітапхана қорын интеграциялауды қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған КАБИС кітапхана жүйесі төмендегідей модульдерді қамтиды:


– Каталогтау;
– Оқырман;
– Кітаптар беру;
– қорды есепке алу.

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – Жұма

08.00 – 20.00

Сенбі

08.00 – 15.00 

Жексенбі – демалыс