БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Ақтауда көшбасшысшылық сабағын өткізді

Бүгін БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Ақтау қаласындағы зияткерлік мектепке барды. Координатор ханым 11-сынып оқушыларына көшбасшылық сабағын өткізіп, нағыз көшбасшыға қажетті дағдылар туралы айтты. Оның айтуынша, шығармашылық, икемділік, шыдамдылық, айқындық, адалдық, парасаттылық – нағыз көшбасшының ең маңызды қасиеттері.

– Мен үшін дәл бүгін осы жерде Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастық орнату – үлкен мәртебе. Сіз жетістіктеріңізбен мақтанып, мақсаттар қоюыңыз керек. Өз жетістіктеріңізді ескере отырып, мемлекеттің дамуына үлес қоса аласыз, – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, ол БҰҰ -да аймақтық көшбасшы ретінде жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында оқушылар БҰҰ -да жұмыс істеу, тұрақты даму мақсаттары мен ашықтық туралы және қызықтыратын сұрақтарды қойды.

– БҰҰ өкілі ретінде мен көшбасшы лауазымында бола отырып, ең алдымен адам ретінде, содан кейін көшбасшы ретінде үлкен құндылықтар жүгін көтеретінімді түсінемін. БҰҰ -дағы көшбасшылық – бұл сіз жасаған нәрсені жасауға деген құштарлығыңыз болуы керек дегенді білдіреді. Сіз бұл лауазымға лайық екеніңізді дәлелдей білуіңіз керек. Сіз креативті және икемді болуыңыз керек және өзіңіздің әрекеттеріңіздің салдарын түсінуіңіз керек, – деді Фриберг -Стори ханым.

Сапар барысында Бас үйлестіруші NIS жүйесімен жақынырақ танысып, мектепішілік БҰҰ Моделі көшбасшыларымен кездесті. Оқушылар мен клуб жетекшісі осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар туралы, алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

– Ақтаудағы зияткерлер мектебінің жанындағы БҰҰ Моделі клубы 2017 жылы жаһандық перспективалар мен жобалық шешім пәні ұстазы Брайан Дэвистің көмегімен құрылды. Осы уақыт ішінде біздің клуб БҰҰ миссиясымен жақсы таныса алды, ұйымның мәнін түсінді, түрлі конференциялар ұйымдастырды, жаһандық мәселелерді көтерді және шешімдерді іздеді», – деді зияткерлік мектептің 12 -сынып оқушысы, клубтың бас хатшысы Раушан Қуанышова.

Микаэла Фриберг-Стори – кәсіби мансабын 1998 жылы Еуропалық комиссияның гуманитарлық кеңсесінде бастады, БҰҰ-ның Косоводағы миссиясында әр түрлі қызметтерді атқарды. Ол Швецияның Бейбітшілік, қауіпсіздік және даму мемлекеттік агенттігінің қауіпсіздік секторын реформалау бөлімінің бастығы, Швеция Қызыл Крестінің халықаралық операцияларының жетекшісі болды. 2014-2015 жылдары Швеция Сыртқы істер министрлігінің аға кеңесшісі болды. Нұр-Сұлтандағы БҰҰ Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін ол Халықаралық Қызыл Крест Федерациясында Тынық мұхиты аймағындағы гуманитарлық дипломатияның аймақтық аға кеңесшісі болып жұмыс істеді.