БҰҰ Балалар Фондының өкілімен кездесу

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар Фондының өкілі Артур ван Дизен қонақта болды.

Нидерланды азаматы Артур ван Дизен 2019 жылдың 1 маусымында Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар Фондының өкілі атанды. Одан бұрын халықаралық даму бойынша Ұлыбритания Министрлігінде (DFID), БҰҰ Даму программасы және басқа да халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас делегаттары ЮНИСЕФ өкілін мектептің ішкі жағдайын, оқушылардың жетістіктерімен Model United Nations of NIS Aktau (MUNNISA) клубының жұмысымен таныстырды. Ал Артур мырза өз кезегінде балалар құқығын қорғауға, қолжетімді тамақтану деңгейін көтеруге, оқу-біліммен қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстандағы ЮНИСЕФ жұмысымен бөлісті.

  • Әр істі бастамас бұрын, балалардың күте алмайтындығын есіме салып отырамын, – деді сөз соңында ол.