Кәсіптік бейімдеу жұмысы

Мамандық таңдау кезінде адамның басшылыққа алатын қағидалары.

САНАЛЫЛЫҚ ҚАҒИДАСЫ.

  • Ол нені қалайды (өз мақсатын, өмірлік жоспарын, мұратын, талпынысын, бағалы бағдарлауын сезінетін);
  • Ол өзі кім (өзінің жеке және физиологиялық ерекшеліктерін білетін);
  • Қолынан не келеді (өз қабілетін, икемділігін, дарындылығын білетін);
  • Одан қызметі және ұжымы нені талап ететінін айқын ұғынған адам мамандықты дұрыс таңдай алады.

СӘЙКЕСТІК ҚАҒИДАСЫ. Таңдалған мамандық қызығушылығына, қабілеттілігіне, икемділігіне, адамның денсаулығына, сонымен қатар қоғамның кадрлар қажеттілігіне сәйкес болады.

БЕЛСЕНДІЛІК ҚАҒИДАСЫ. Мамандықты белсенді түрде өзің іздеуің қажет. Бұл жерде тәжірибелік сынамаларға: үйірмелерге, секцияларға, факультатив сабақтарға, экскурсияларға, мамандармен кездесулерге қатысқаның; «Ашық есік күндерінде» оқу орындарда болғаның, әдебиетті оқығаның, өз бетімен психолгке немесе кәсіби кеңесшіге жүгінгенің ерекше орын алады.

ДАМУ ҚАҒИДАСЫ. Өз бойында кез-келген мамандыққа қажет қасиеттерді дамыту қажеттілігін көрсетеді. Бұл – психологиялық үрдістер мен (ойлау, зейін, зеректік) мінез-құлықтың келесі қасиеттері: еңбекқорлық, ұқыптылық, ұйымдастырушылық, орындаушылық, дербестік, белсенділік, сәтсіздік, табандылық, төзімділік.

 

 

Кәсіби мансабыңызды жоспарлағанда,

Келесі сұрақтарға жауап беру пайдалы:

  • Сіз өзіңізге тән ептілік пен қабілеттілікке жоғары дәрежеде қанағаттана аласыз ба?
  • Сіздің негізгі қызығушылығыңыз қандай және бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
  • Пәндердің ішінен сізге ұнайтыны қайсысы?
  • Сіз жылма-жыл күніне 8 сағат немен айналысқанды қалар едіңіз?
  • Жұмыстың қандай түрін армандайсыз?
  • Өз ісіңізді 10 жылдан кейін қалай елестетесіз?
  • Сіз үшін қандай жұмыс мінсіз болар еді? Оны толығырақ суреттеп беріңіз.
  • Өзіңізді сол жұмыстамын деп елестетіңіз, кіммен қызметтессіз, уақытты қалай өткізесіз?
  • Мамандық таңдауда сіздің критерийлеріңіз қандай? (міндетті және қалаулы)
  • Сіз үшін мінсіз деп саналатын жұмысқа өзіңізді лайықтымын деп есептейтін дағдыларыңыз және әлді жақтарыңыз қандай?
  • Сізге лайықты қызметке қол жеткізу үшін өз біліміңіз бен ептілігіңізде қандай кедергілерді жою қажет?
  • Қазіргі таңда сізге лайықты қызметке қол жеткізу мүмкін болмаса, онда таңдаған бағытқа қарай жылжу үшін сіз қызметтің қай түрін орындай алар едіңіз?
  • Мансабыңызды жоспарлауға арналған ақпарат алу үшін кіммен кеңесуге болады?
  • Ақыр соңында, сіз жақын арадағы және ұзақ мерзімдегі мансаптық мақсаттарыңызды жазыңыз және орындауға кірісіңіз.

 

Кәсіби жарамдылық

Кәсіби жарамдылықтың төмендегідей түрлері айқындалған:

  1. 1.  Жарамсыздық. Ол уақытша және тәжірибе жүзінде еңсерілмейтін болуы мүмкін. Ол денсаулығында ауытқушылық байқалған жағдайда жұмысқа жарамсыздығы жайында айтылады. Бұл кезде іс міндетті түрде адамның еңбектене алмауында емес, осы мамандықпен айналысу денсаулығына зиян келтіруінде деп саналады. Қарсылықтар тек медициналық емес, сонымен қатар психологиялық жағынан болуы мүмкін: таңдалған мамандықты игеруде кейбір жеке қасиеттері де кедергі келтіруі мүмкін.
  2. 2.  Жарамдылық. Қарсылықтардың болмағанымен қоса айқындалған көрсеткіштердің де болмауымен түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, жақтаушылар да емес, қарсылық білдірушілер де емес. «Бұл мамандықты таңдауыңа болады. Жақсы қызметкер болуың да мүмкін». Кәсіби жарамдылықтың осы түріне мынадай сөздермен мінездеме беруге болады.
  3. 3.  Сәйкестік. Мамандықтың талабына сай, қарсылықтары жоқ кейбір жеке қасиеттері бар. Мысалы, анықталған еңбек нысандарына қызығушылығы (техникаға, табиғатқа, адамдарға, өнерге) немесе осы салада еңбек етуде табысты тәжірибесі бар. Сонымен қатар басқа мамандықтармен сәйкестігін жоққа шығара алмаймыз. «Бұл мамандықты таңдауыңа болады. Сенің жақсы қызметкер болатының айдан анық».
  4. 4.  Әуестік. Бұл кәсіби жарамдылықтың жоғары деңгейі. Оның құрылымының барлық бөліктерінде таңдалған еңбек түріне адамның айқындалған сәйкестік белгілерімен сипатталады.  Әңгіме адамның оқу және даму жағдайында теңестірілуі, замандастары арасынан бөлініп шығу белгілері туралы айтылады. «Осы және дәл осы еңбек саласында сен адамдарға қажет боласың».

Өз бойыңда әуестікті ашу үшін әр түрлі мамандықтарға өзіңді батыл «өлшеу» қажет, өз күшінді тәжірибе жүзінде еңбектің әр саласында сынап көруің тиіс.

 

Оқу орнын таңдағанда нені білу қажет?

Сіз таңдаған мамандықты бірнеше оқу орындарында меңгеріп шығу мүмкін болады. Бұл жағдайда оқу орнын таңдау мәсәлесі туындайды. Барлық оқу орындары туралы ақпарат алғаннан кейін дұрыс таңдау жасауға болады.

Оқу орны туралы ақпарат жинаған кезде, төмендегі сұрақтарға жауап алынуы тиіс:

  • Бұл оқу орны қандай білім деңгейін алуға мүмкіндік береді (кәсіби-техникалық, арнаулы орта, жоғары)?
  • Кәсіби дайындық қандай мамандықтар мен мамандандыру бойынша жүргізіледі?
  • Оқу орнын бітірген кезде қандай біліктілік тағайындалады?
  • Қандай оқу түрі ұсынылады (күндізгі, кешкі, сырттай)? Ақылы немесе ақысыз оқу? Төлем мөлшері?
  • Оқуға түсушілерге қандай талаптар қойылады (жасы, денсаулық жағдайы, жынысы, білім деңгейі)?
  • Оқу орнына қабылдау тәртібі қандай (құжаттарды тапсыру мерзімі, емтихан тапсыру мерзімі, талапкерлерге берілетін жеңілдіктер)?
  • Оқу ұзақтығы қандай?
  • Түлектерді қызметке орналастыруда оқу орны көмек көрсете ме?
  • Даярлық курстары бар ма? Олар қашан жұмысын бастайды және төлем ақысы қандай?
  • Оқу орнында «Ашық есік күндері» қашан өткізіледі?
  • Оқу орнының толық аталуы және мекен-жайы?

 

 

 

Мамандық таңдау формуласы

 

ҚАЛАЙМЫН – бұл сіздің қызығушылығыңыз, икемділігіңіз, тілегіңіз, арманыңыз.

(«Как важно в жизни, помня о желаниях, возможностей своих не забывать!» Э. Асадов.)

ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ – бұл сіздің психофизиологиялық мүмкіндіктеріңіз, денсаулығыңыз, қабілеттілігіңіз, яғни кәсіби жарамдылығыңыз.

(«Берись за то, к чему ты годен, коль хочешь, чтоб в делах успешный был конец»  И.Крылов)

ҚАЖЕТ – бұл еңбек нарығындағы кадрлар қажеттілігі, сіздің мамандығыңызға деген сұраныс.

(«Өз қалауыңмен емес, Алланың қалауымен өмір сүр». Халық мақалы )

 

Егер де сіз өзіңіздің ҚАЛАЙМЫН, ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ және ҚАЖЕТ деген формулаңызды біріктіре алсаңыз, онда кәсіби таңдауыңыз сәтті болады.

 

Басқаша айтқанда, негізгі міндет төмендегідей мамандықтарды табу:

  1. Сіз үшін қызықты және тартымды;
  2. Сіздің қабілеттеріңізбен сәйкес келеді;
  3. Еңбек нарығында сұранысқа ие;

 

 

Мамандық таңдауға не әсер етеді?

Мамандық таңдаудың  8 факторы бар / Е.А. Климов бойынша/:

  1. Отбасындағы ересектердің ұстанымы.

Сенің өміріңнің қалыптасуына тікелей жауапты адамдар бар. Бұл қамқорлық сенің болашақ мамандық таңдауыңа да байланысты.

  1. Достарыңның, жолдастарыңның ұстанымы.

Осы жастағы достық байланыстардың берік болуы сенің мамандық таңдауыңа ықпал етуі мүмкін. Жалпы кеңес беруге болады: өз қызығушылықтарың мен өмір сүріп жатқан қоғамдағы қызығушылықтар сәйкес келген жағдайда шешім дұрыс болады.

  1. Мектеп ұстаздарының ұстанымы.

Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс белсенділігін бақылау кезінде, тәжірибелі педагог өзіңнен және кәсіби емес көздерден жасырынған мәліметті көп біледі.

  1. Жеке кәсіби жоспарлары.

Бұл жағдайда жоспардан тыс сенің мамандықты игеру кезеңдері туралы көзқарасың тұспалданады.

  1. Қабілеттіліктері.

Өз қабілеттілігіңнің ерекшеліктері туралы тек оқудағы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі іс-әрекеттердің де жетістіктерімен өлшенуі тиіс.

  1. Көпшіліктің мойындауындағы талаптану деңгейі.

Өз еңбек жолын жоспарлағанда шыншылдықпен талаптану өте маңызды.

  1. Ақпараттылығы.

Кез келген мамандық туралы алынған ақпараттардың бұрмаланбағанын, толық еместігін, біржақты болмауын қадағалау маңызды.

  1. Икемділігі.

Бос уақыттың көп бөлігі жұмсалатын сүйікті істерінен бейімділік анық айқалады. Бұл – айқындалған қабілеттіліктермен бекітілген қызығушылықтар.

 

Өлшенген шешімге жеті қадам

  1.  Сізге ұнайтын, қызықты, айналысқыңыз келетін және сізге лайықты мамандықтар тізімін құру. 
    2.    Таңдалған мамандықтарға сәйкес талаптар тізбесін құру  
  • таңдалған мамандық және болашақ айналысу саласы;
  • таңдалған мамандық және өмірлік құндылықтар мен мақсаттар;
  • таңдалған мамандық және мамандық бойынша қызметке орналасу;
  • кәсіби даярлықтағы қалауы;
  • таңдалған мамандық және менің икемділігім мен қабілеттілігім;
  • қалау бойынша мазмұны, жұмыстың шарты мен мінездемесі.
  1.    Әрбір талаптың маңызын анықтау. 

Анықтаңдар, тізбектелген барлық талаптар қаншалықты маңызды. Көп жағдайда ескерілмейтін маңызды емес талаптар да болуы мүмкін.

  1.    Әрбір лайықты мамандықтың талаптарына өзіңіздің сәйкестігіңізді бағалаңыз.

Сіздің мамандыққа деген талабыңыздан басқа, мамандықтың өзінің де талаптары бар. Сіздің кәсіби сапаңыздың дамығанын, зияткерлік қабілеттіліктеріңіздің, психологиялық ерекшеліктеріңіздің, денсаулық жағдайыңыздың мамандық талаптарына сәйкес келетінін сараптаңыз.

  1.     Нәтижелерді сараптаңыз және санаңыз.

Тізімдегі қай мамандық барлық тармақтармен сізге сәйкес келетінін сараптаңыз.

  1.     Нәтижелерін тексеріңіз. 

Сіздің ойыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін өз шешіміңізді достарыңызбен, ата-анаңызбен, мұғалімдермен, психологпен, кәсіби кеңесшімен талқылаңыз.

  1.     Жетістікке жетудің негізгі тәжірибелік қадамдарын анықтау. 

Сонымен, сіз шешім қабылдадыңыз, енді анықтау маңызды: қай оқу орнында сіз кәсіби білім ала аласыз, кәсіби маңызы бар қасиеттерді қалай дамытуға болады, осы мамандық бойынша практикалық тәжірибеден қалай өтуге болады, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қалай арттыруға болады.

 

Мамандық таңдаудағы қателіктер

  1. Өзгеріссіз құбылыс ретінде мамандық таңдауға қатынасы.
    Кез келген қызмет саласында адамның біліктілігінің өсуіне орай іс-әрекеттерді, лауазымдарды ауыстырулар кездеседі. Төменгі сатылардан сүрінбей өткен адам көптеген жетістіктерге қол жеткізеді.
    Еңбек нарығындағы жағдаятты сараптаңыз. Әр жыл сайын жаңа мамандықтардың ашылуына көңіл бөліңіз. Үнемі біліктілікті арттыруға, бір-бірімен байланысты мамандықтарды меңгеруге дайын болыңыз. Қазір 9 немесе 11 сыныпта мамандық таңдау сіздің тағдырыңызды анықтайтынынан қорықпаңыз.
  2. Беделді мамандықтар туралы күнделікті көзқарастар.
    Қоғамдағы маңызды кейбір мамандықтар құнсыз, ерсі болып саналады (мысалы: аула сыпырушы).
    Химик пен ұстаға қарағанда экономист немесе психологтің қоғамға пайдасы көп емес. Сіздің қызығушылықтарыңыз бен қабілеттіліктеріңіз есептеле отырып, мамандықтың беделділігі ескерілуі тиіс. Егер меңгерсеңіз, «сәнқой» бірақ пайда келтірмейтін мамандыққа ие боласыз. Немесе, негізгі жұмыс қызметтерін орындауға жарамсыз болып таныласыз.
  3. Жолдастарының ықпалымен мамандық таңдау (қалыспай, бірлікте болу үшін).
    Мамандықты біз киім мен аяқ киім таңдағандай өз «талғамымызбен» және «өлшемімізбен» таңдаймыз.
    Топтың сезімі, құрдастарға еліктеу – сенің жасыңдағы балалардың оңтайлы ерекшеліктері. Олар қоғамдағы тәртіп нормаларын меңгеруде, «Мендік» бейнесін қалыптастыруда және өзін-өзі бағалауда қажет. Сол себепті басқаларға көңіл аудар, көз жұма қайталамай САЛЫСТЫР (өзіңді достарыңмен). Сенің жолдастарыңнан қандай айырмашылығың бар – ұқсастықтарыңды көруге тырыс. Егер Вася өрт сөндіруші мамандығын таңдаса (ал ол – тәуекелшіл адам), саған бұл мамандық ұнамауы мүмкін (сен өте сақ және парасатты адамсың), бұл мұны түсінуге көмек береді.
  4. Сол мамандық иесіне, мамандықтың өзіне деген көзқарасы.
    Мамандық таңдау кезінде ең бірінші, сол қызмет түрінің ерекшеліктерін ескеру қажет, осы қызмет саласында жұмыс жасайтын адамның ұнауы немесе ұнамауы себеп болмауы тиіс.
    Әсіресе, мұғалімге таңқалушылық қауіпті (егер сені физиктің ішкі дүниесі тәнті етсе – бұл физика пәні саған ұнайды деген сөз емес). Бұдан басқа балалар пір тұтатын – спортшы, саясаткер, журналист, әртіс мамандықтарын таңдағанда жиі қателеседі.
  5. Мамандықтың тек сыртқы немесе қандай да бір жеке саласымен қызығушылығы.
    Сахнада тұрған әртістің жеңіл көрсетілген бейнесінің артында күнделікті қарбаласқа толы еңбегі жатыр. Журналисттер телебағдарламаларды әркез жүргізбейді – 10 минуттық хабарламаны дайындау үшін көбінесе ақпараттар жинайды, ондаған адамдармен кездеседі.
  6. Мамандық пен мектептегі пәндерді теңдестіру немесе бұл түсініктерді дұрыс ажырата алмау.
    Шет тілі деген пән бар, ал тіл қажеттілігі – аудармашы, экскурсия жетекшісі, халықаралық байланыстар телефоншысы және т.б. мамандықтарда талап етіледі. Сондықтан мамандық таңдауда бұл пәнге байланысты қандай шынайы қызметтер мен мамандықтар бар екенін ескеру қажет.
    Жұмыспен қамту орталықтарындағы стендтерді сараптау қажет (онда көбінесе нақты бос орындар үшін қандай білім талап етілетіні көрсетіледі). Мысалы, лингвистикалық білімі бар адам («қазақ тілі мен әдебиеті», «шет тілі» мектепте) мұғалім, аудармашы, редактор, хатшы-референт қызметін атқара алады. Мамандықтардың мектептегі пәндерден көп екенін есте сақта. Заңгер, маркетолог, аппаратшы қызметін таңдауға болады. Әдетте, мамандықтар мектептегі пәндермен қауымдастықта болуы мүмкін (көбінесе ЖОО-да осы мамандыққа тапсыру кезінде түсу емтихандарымен сәйкес келеді). Айталық, болашақ экономистке мектепте бір уақытта математика да, география да ұнауы мүмкін.
  7. Материалдық өндіріс саласында жұмыс түрлері туралы ескірген ұғымдар.
    Барлық мамандықтарға, соның ішінде жұмысшыларға күрделі және қызықты техника енгізіледі, еңбек мәдениеті дамиды (ал компьютер болса барлық қызмет салаларына енгізіледі – тіпті мал шаруашылығына да).
  8. Өзінің жеке қасиеттерін (икемділігі, қабілеттілігі) реттеуді білмеу/қаламау.
    Саған өз-өзіңді реттеуге кәсіби кеңесшілер, ана-аналар, мұғалімдер, жолдастарың көмек береді.
    Сонымен қатар психологиялық тесттер, танымал психология тақырыбында жарияланған мақалалар пайдалы бола алады.
  9. Мамандық таңдаудағы физикалық ерекшеліктерін, кемшіліктерін білмеу немесе толық бағаламау.
    Денсаулығыңа зиян келтіретін, саған қарама-қарсы тұруы мүмкін мамандық түрлері бар. Мұндай мамандықтар көп емес, негізінде оларға физиологиялық жүйелердің ұзақ мерзімді шиеленісті талап ететіндері жатады. Компьютер мамандары көзге күш салады, ал ұшқыштар – жүрекке…
  10. Мамандық таңдаудағы негізгі іс-әрекеттерді, түрлі амалдарды, олардың шешілу жолдарын және реттілігін белмеу.
    Математика сабағында есеп шығарған кезде сен белгіленген іс-әрекетті анықталған реттілік бойынша орындайсың. Мамандық таңдауда да осындай қадамға барғаның дұрыс болар еді.

Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы.

Мамандықты, жұмысты таңдағанда кәсіби өсуі және материалдық молшылық, қоғаммен танылуы – әр адамның маңызды мәселесінің бірі болады. Бірақ көп жағдайда ол ішкі түйсік деңгейінде, көңіл-күймен, жеңіл әсерлермен, ата-аналардың қалауымен, сынамалар мен қателер арқылы шешіледі.

Француз ойшылы Сен-Симон қоғамдағы барлық дерлік тәртіпсіздіктердің орын алуына «сәтсіз таңдалған, мәжбүрленген мамандықтар және осыдан туындайтын наразылықтар мен қорқыныштар» себеп болады деп жазды.

Айтылған сөз тек «жоғары» зияткерлік мамандықтарға ғана емес, сонымен қатар қарапайым, қатардағы мамандықтарға да арналады. Қабілетсіз саясаткер, әскери қолбасшы, менеджер, заңгер, дәрігер — шын апатты жағдайға ұшыратады. Бірақ қолынан іс келмейтін, бұл жұмысты атқару үшін басы мен қолы сәйкес келмейтін сантехниктің, телешебердің, металл жонушының, наубайханашының да келеңсіз жағдайлары мен шығыны аз емес.

Мамандық таңдау мәселесінің объективті көздері мен негізі бар. Олар қандай? Адамдар арасында, мамандықтар арасындағыдай тұрақты айырмалар да бар. Мәліметті сезіну және шешім қабылдау жылдамдығына сай адамдардың үлкен тобында көрсеткіш 3-4 есеге жетеді; мінез-құлық пен темперамент түрлері – 1120 шамасында анықталған. Адамның белгілі бір ерекшеліктерінің тікелей немесе жанама түрде анықталған үйлесімділігі мамандықтардың нақты айқындалған немесе айқындалмаған кәсіби топтарына әуестенеді.

Біз таңдаймыз, бізді де таңдайды.  Адамды мамандықтың, лауазымның жеке ерекшеліктеріне сәйкестендіріп қосқанда, біз өнім шығаруда және жұмыс сапасын, жарақат алуын, жағдайын жақсартуда, табыспен, өмір және еңбекпен қанағаттануында үлкен жетістікке ие боламыз.   Шалалық артқа шегінеді, ұрылар азаяды.

Бұлар мамандықты дұрыс таңдаудың әсерлері мен әлеуеті.