Қамқоршылар кеңесі

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Қамқоршылар кеңесінің құрамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 18.05.2016 жылғы  басқарма отырысының №19 хаттамасымен бекітілді.

 

1

Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы

Қамқоршылар кеңесінің төрағасы

Маңғыстау облысы әкімінің көлік және құрылыс бойынша бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Ол И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын (1986 ж.) және Орталық Азия университетін (2008 ж.) бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – тау-кен инженері және экономист.Еңбек жолын 1979 жылы Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында токарь болып бастап, бұрғышының көмекшісі, бұрғылау шеберінің көмекшісі, өндірістік қызмет көрсету базасының инженері, бұрғылау шебері, технологиялық бөлім бастығының орынбасары қызметтерінде болды. 1994-2010 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» мекемесінде белді қызметтерді атқарды.  «Магистралды құбыр көлігінің құрметті қызметкері» (2010 ж.) құрметті атағына ие.

2

Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Ол 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірді. Мамандығы автоматизация бойынша инженер. 2015 жылы Алматы Менеджмент Университетінде “Іскерлік әкімшілік” мамандығын бітірді. 2010 жылы Ұлыбритания, Оксфорд қаласында “Embassy CES Oxford” ағылшын тілі курстарын бітірді. Еңбек қызметін 1989 жылы Ақтау қаласындағы Пластикалық масса заводының учаскесінде бақылау-өлшеу жабдықтарының шебері болып бастады. Әртүрлі қызметтерді атқара келе 2011-2017 жылдары аралығында 4,5,6 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болды.

3

Бисақаев Өркен Серікқалиұлы

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы.

Ол 1999 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша тәмәмдады. Сонымен өатар, ол Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде заңгер мамандығын меңгерді. Еңбек жолын 1999 жылы «Интергазстрой» мекемесінде экономист қызметінен бастады. 2007 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастап, Ақтау қаласының әкімінің орынбасары болды. 2012-2015 жылдар аралығында маңғыстау облысық жолаушылар транспорты және автомобильді жолдар басқармасын басқарды.

4

Утеев Ербол Тынымбайұлы

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары. Ол 2002 жылы «Ұлағат» университетін экономист қаржы және несие мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1987 жылы «Маңғыстаумұнайгазгеологиясы» мекемесінде инженер ретінде бастады. 1995 жылы  Ақтау қаласы бойынша салық инспекциясының   салық инспекторы қызметін атқарды. Көп жылдар бойы өлкеде салық саласында тынбай еңбек етті. Ал 2012 жылы Маңғыстау облысы бойынша салық департаменті Қарақия ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып, 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша салық департаменті Ақтау қаласы бойынша салық басқармасының бастық орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдан бері Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары ретінде екбең етіп келеді.

5

Нұрмұхаметова Венера Тоқтағұлқызы

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

CASPIAN OFFSHORE AND MARINE CONSTRUCTION мекемесінің әкімшілік сұрақтар және қызметкерлерді басқару бойынша вице-президенті.

Ол 1997 жылы Қазақ Ұлттық Халықаралық тілдер университетін тәамдады. Ал 2014 жылы Almaty Management Universityнен әскерлік әкімшілк магистрі атағын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы KAZKOMMERTS SECURITIES мекемесінде әкімшілік-құқықтың бөлімнің хатшысы қызметінен бастады. 2006 жылы CASPIAN OFFSHORE AND MARINE CONSTRUCTION бас директорының жеке ассистенті атанып, кейін Әкімшілік бөлімнің басшысы, Кадр бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтерілді, Ал 2012 жылы мекемесінің әкімшілік сұрақтар және қызметкерлерді басқару бойынша вице-президенті болып тағайындалды.

6

Жүсіпов Айдынбек Шораұлы

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

«Terminalex» ЖШС бас директоры, жеке кәсіпкер.

Ол 1999  жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Екінші мамандығы заңгер. Еңбек жолын  1994 жылы «Ақтау пластмасс зауытында» мекемесінде қарапайым электр ретінде бастады. 2003 жылдан бастап «Артис Оверсис С.А. Казахстан» мекемесінде шебер қызметінен директорлық қызметке дейін көтерілді. 2013 жылы «Terminalex» мекемесінің бас директордың бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал 2014 жылдан бері мекеменің бас директоры.

7

Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы.

1990 жылы Алматы педагогикалық институтын неміс және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы КЕББМ «Алматы Менеджмент Университеті» аяқтап, «Іскерлік әкімшілігі» магистрі академиялық дәрежесі берілді. 1990 – 2007 жылдар аралығында – мектепте шет тілі пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, 2007 – 2010 жылдары – Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, 2010 – 2011 жылдары – Мұнайлы аудандық білім бөлімінің бастығы, 2011 – 2015 жылдары – Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2015 жылдан  бастап білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

8

Пайзов Ермек Серікұлы

Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры.

 2006 жылы Қазақ гуманитариялық-заңдық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын  2006 жылы «Сайран» қоғамдық бірлестігінде сапа менеджменті жүйесі бөлімінің басшысы қызметінен бастады. 2006-2009 жылдар аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ заң қызметінің бас менеджері болып жұмыс атқарды.  Ал 2009-2013 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»дербес білім беру ұйымының адам ресурстарын дамыту департаментінде аға менеджер және аталған мекеменің заң департаментінде аға менеджер болды.  2012 жылы Қазақ гуманитариялық-заңдық университетінде магистрлік диссертациясын қорғады. 2013-2014 жылдары аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Финляндиядағы қолданбалы ғылым университеті  HAMK University of Applied Sciences  «Professional Teacher Education Unit» халықаралық тағылымдамадан өтті. 2014 жылы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

2005 жылы халықаралық CCUSA студенттер жобасына қатысты, ал 2007 жылы ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандартын енгізді. 2012 жылы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев қоры» жобаларының заңын жасақтауға атсалысты. «Дербес ұйым Қазақстан заңнамасының новелласы іспеттес» мақаласының авторы. Сондай-ақ, қазір AlmaU Managment University МВА бағдарламасының білім саласы бойынша білімін жетілдіріп жатыр.