Мектеп тарихы

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ақтаудағы химия–биология бағытында тереңдете білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебі  Назарбаев Зияткерлік мектептері қатарына 2015 жылдың 27 тамызында іске қосылды. 720 балаға арналған зияткерлік мектеп облыс орталығының 33-шағын ауданында орналасқан.

Зияткерлік мектеп өсіп  келе жатқан жас ұрпақтың жылдам әрі ұшқыр ойлауына, көп тілді меңгеріп, ел болашағына өз үлесін қосатын зияткер, жоғары білімді, салауатты өмір салтанатын ұстануына мүмкіндік туғызып, жағдай жасайды.

Маңғыстау облысындағы инновациялық білім ордасында 80-нен аса мұғалім жұмыс істейді. Олар білім беру жүйесінің талабына байланысты қатаң  іріктеу байқауынан өтті. Сонымен  қатар мектепте Австралия, Оңтүстік Африка елдерінен келген 10 ағылшын тілді мұғалім балалармен білгенімен бөлісуге дайын.

Қазіргі таңда аталған мектепте 7, 8, 9, 11, сыныптарда оқитын 477 оқушы Қазақстан Республикасының Президентінің  «Өркен» білім грантының иегері атанды. Мектептегі бір оқу орны үшін  орта есеппен 5-6 бала таласты.

Ғимаратта жаңа оқу құралдарымен жабдықталған 54 оқу кабинеті, 24 лаборатория орналасқан. Мектепте  химия-биология, физика-математика, интеграция, техникалық модельдеу кабинеттері, нано-биотехнология, роботехника лабораториясы мен ақпараттық бөлме жұмыс істейді. Білім ордасы химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытумен қатар, физика, алгебра пәндерінен кеңірек оқытады.

Оқу орнында балалар демалысы үшін өсімдіктердің 150-ге жуық түрі орналасқан оранжерея да жұмыс жасайды. Бұл жерде «Биология» пәнінен дәрістер мен тұсаукесерлер өткізіледі  деп жоспарлаған. Аумағы 300 шаршы метрді қамтитын оранжерея алдағы уақытта конференц-зал ретінде де қолданылып, балалар демалатын орынға айналмақ.

Мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілетін арттыру үшін арналған. Ұстаздардың оқу процессін басқару тиімділігін арттыру мақсатында білім ордасы жаңа компьютер жүйелерімен, мультимедиялық кабинеттермен, заманауи компьютерлік техникамен, интерактивті электронды тақталар, жылдам интернет жүйесі және инновациялық бағдарлама құралдарымен қамтылған.

Зияткерлік мектепте үш залдан тұратын кітапхана жұмыс істейді. Алғашқы оқу жылында оқушылар мен ұстаздарға 6-7 мың кітап қолжетімді. Мұндағы кітап қоры жыл сайын көбейіп отырады деп жоспарланған. Кітапханада қазақ және орыс, ағылшын тілдерінен басқа қытай, француз, неміс тіліндегі кітаптарды да кездестіресіз. Сондай-ақ бұл жерден энциклопедия, ғылыми анықтама, Кэмбридж, Оксфорд баспагерлерінің қосымша кітаптарын,  тест жинақтарын, әдеби шығармаларды оқуға болады.

Мектепте  екі спорт залынан тұратын спорттық-сауықтыру блогы бар. Оқу ғимараты жанында футбол, воллейбол, баскетбол, әртүрлі жеңіл атлетикамен айналасуға арналған алаңдар, теннис корты мен балаллар демалуға арнайы бөлінген орны бар жаңа спорт кешені  орналасқан. Барлық алаң балалардың спортпен айналысуда қауіпсіздігі үшін арнайы қаптамамен қамтылған.  Ал, 360 орынға арналған асхана балаларды уақытында тамақтайды.

Алыс-шалғай елді-мекендерде тұратын балалар үшін мектеп 120 балаға арналған интернатты іске қосты.  4 балаға арналған ұйықтау бөлмесінде жуынатын бөлме, дәретхана орналасқан. Балалар үшін киім жуу бөлмесі, ата-анамен кездесу бөлмесі, дәрігер кабинеті, медициналық изолятор жұмыс істейді. Интернатта кітап оқу орны да қарастырылған. Балалардың жағдайын тәрбиешілер күні-түні бақылауда ұстайды.

Мектеп мекен-жайы: Ақтау, 33 ш.а.

E-mail: info_a@akt.nis.ed.kz

Сайт: akt.nis.edu.kz

Телефон/факс: 8 7292 70 10 66