Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне құжат қабылдау басталды

2021-2022 оқу жылында  Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбында оқуға мүмкіндік беретін  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыру басталды, деп хабарлайды білім ордасының баспасөз қызметі.

Биыл елдегі карантин жағдайына байланысты құжат тапсыруда  өзгерістер бар. Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу онлайн брондау қызметі арқылы жолға қойылған. Яғни, үміткердің ата-анасы құжат тапсыру үшін мектеп сайтына өтіп, өз кезегін броньдап, көрсетілген уақытта келіп құжат тапсырады.

  • Кезекті броньдау үшін мектеп сайтына (akt.nis.edu.kz) өтіп, конкурстық іріктеу бөліміне өту керек. Сол жерден брондау функциясын басу арқылы келу уақытын белгілеуге болады. Біз үшін өлке тұрғындарының денінің саулығы маңызды. Сол себепті санитарлық талаптарға үлкен жауапкершілікпен қараймыз, – дейді қабылдау комиссиясының төрайымы Ырыскүл Имамбаева.

Үміткерлер қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды тапсыруы тиіс: үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, заңды өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі, үміткердің оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің мектеп мөрі мен директор қолы қойылған көшірмесі, 086/у медициналық анықтама формасы (болған жағдайда) және  үміткердің 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе құжат тапсыру кезінде фотоға түсіріледі.

Сонымен қатар, конкурстық іріктеу емтиханына да да өзгеріс енгізілген. Биылғы жылы кешенді тестілеуде үміткерлер «Жаратылыстану» бөлімін де тапсырады.  «Жаратылыстану» бөлімі бойынша апробациялық тест конкурстық іріктеудің бірінші күні «Сандық сипаттамалар» бөлімінен кейін өткізіледі. Тест 20 тапсырмадан тұрады. Ұзақтығы – 30 минут. Осылайша, конкурстың бірінші және екінші күндері тестілеу 2 сағаттан жүреді. Бірақ жаратылыстану бөлімі бойынша тапсырылған тесттің нәтижесі статистикалық және психометриялық өңдеу кезінде есептелмейді.

  • Жалпы Ақтаудағы зияткерлік мектепте білім алғысы келетін оқушылардың артып жатқандығын көріп отырмыз. Өткен жылы 7-сыныпқа үміткер ретінде 1150 бала қатысқан еді. Бұл бес жыл ішіндегі рекордты көрсеткіш. Үміткерлердің білім деңгейінің де артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл қуантарлық жағдай. Биылғы оқу жылында 7 сыныпқа 146 оқушы қабылданды,- дейді комиссия төрайымы.

Конкурстық іріктеуге құжат қабылдау 2021 жылдың 23 қаңтар күні аяқталады. Құжаттар дүйсенбі-сенбі аралығында 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс 12:30-13.30 аралығы. Құжат тапсыруға кезек брондау үшін: www.akt.nis.edu.kz

Мекен-жай: 33 ықшам ауданы, 16 ғимарат.

Тел: 8 778 156 80 46; 8 778 156 80 36; 8 72 92 70 10 66, 8 72 92 70 10 61