8-сынып ата-аналарының жиналысы қалай өтті?

Ата-аналар университетінің «Отбасындағы мадақтау мен жазалау шаралары» атты кезекті дәрісі 19 қарашада 8 сынып ата-аналарына өткізілді.

Орыс сыныбына Маскарова Тілектес Оразбергенова, қазақ сыныптарына Тасанова Айгул Тынышбаевна мен Мухамеджанова Жания Баглановна өткізді. Дәріс барысында төмендегідей мәселелер қарастырылды:

ü Ата-аналар мен отбасындағы балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесінің өзектілігі;

ü Отбасылық тәрбиенің әртүрлі стильдерінің тиімділігі;

ü Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың зияны және отбасылық тәрбиенің зорлық-зомбылықсыз әдістерінің артықшылықтары;

ü Отбасыдағы адамгершілік қатынастарын құрудың құралдары мен әдістері талқыланды.

1.Баланы жазалаусыз тәрбиелеуге болады ма?

2.Сіздің отбасыңызда жазалау әдісі не болуы мүмкін?

3. Сіздің балаңыз жазаларға қандай реакция танытады?

4. Қолданылатын жазалар әрқашан сіздің балаңыздың мінез-құлқына тиімді әсер ете ме?

5. Сіз баланы жазалағаннан кейін оған қатысты қалай әрекет етесіз?

6. Сіздің отбасыңызда қандай әрекет ету шараларын жаза деп санайсыз? деген сұрақтарға ата-аналармен пікірталас жүргізілді, әртүрлі жағдаяттық тапсырмалар орындалып, өте қызықты жан-жақты пікір айтылған талдаумен жалғасты.

Дәріс соңында ата-аналар кері байланыстарын беріп, мектеп психологтарына рахмет айтты.