Гүлден Назарбаев Университетінің магистрі

Қазан айының соңғы күндері бізді тағы бір тамаша жаңалықпен қуантты.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаһандық мүмкіндіктер және жобалық жұмыс пәні мұғалімі Гүлден Суюндікова Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебінің магистрі атанды.  «Білім беруді басқару саласының ғылым магистрі» атанған жас маманға қазанның 24-і күні университет қабырғасында диплом табысталды.

  • Назарбаев Университетінде оқып жүрген кезімде алған негізгі дағдыларым – зерттеушілік және көшбасшылық. Бұлар оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдана отырып жасақталған курстар арқылы дамытылды. Сабақ барысында біз әртүрлі сараптамалық мақалалар жазып, шағын зерттеулер жүргіздік. Олардың көпшілігі тек біздің профессорларымызға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі білім саласындағы конференцияларының комитеттеріне де ұсынылып жоғары бағаланған еді, – дейді Гүлден.

Жас педагог алдағы уақытта жоғары білім мектебінде үйренген біліммен әріптестеріммен бөлісуді, мұғалім бойындағы зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруды және сол арқылы білім беру саласындағы өзекті мәселелердің  шешу жолдарын әріптестеріммен бірге табуды жоспарлап отыр.

Үнемі ізденіп, зерттеу жұмысын тұрақты жүргізетін әріптесімізді кәсіби деңгейінің жоғарылауымен шын жүректен құттықтаймыз!