ЖАҢА СТАТУСТАҒЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 2018-2019 оқу жылын жаңа стутуспен тәмамдады. CIS акрредитациясынан өткен оқу орны бүгін 57 түлегін үлкен өмірге аттандырып, қоштасты.

Салтанатты шара барысында түлектер мен үздіктер шеруі ұйымдастырылып, “Жылдың үздік оқушылары” марапатталды.

7-сынып оқушылары түлектерге арнап, “Саржайлау” әнін хормен табыс етсе, би ансамблінің сұлулары мың бұрала билепғ әдемі көңіл-күй сыйлады.

Зияткерлік мектептің биылғы оқу жылының түлегі, 12-сынып оқушысы Азиза Жұбаеваның ұсынуымен жүзеге асқан «Жыл оқушысы» жобасы биыл да жалғасын тапты. 7 номинация бойынша еңбек сіңірген белсенді оқушылар қазылар алқасының шешімімен анықталып, өлкедегі белгілі тұлғалардан марапат алды.

📌«Жыл оқушысы-2019» номинациясының иегері Ақуал Дана атанды.

📌«Жыл белсендісі -2019» номинациясының иегері ерекше өнерімен танылған Ибрагим Рауан атанды.
«Жыл спортшысы-2019» номинациясының иегері Орынбасар Бейбарысқа «Маңғыстау арена» спорт кешенінің директоры Оңайбаев Зейнолла Исламович табыс етті.

📌 «Жыл корреспонденті-2019» номинациясының иегері Жанаев Әлібекке «Хабар» телеарнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі, Маңғыстау Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Гүльмира Әбішева табыстады.

📌«Жыл таланты-2019» номинациясының иегері Чадыкулов Дастанды Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, «Үздік суретші» номианциясының иегері Қосан Манап марапаттады

📌«Жыл жетістігі – 2019» номинациясының иегері Оспанова Фаридаға «Жыл оқушысы жобасының авторы, мектеп түлегі, Жұбаева Азиза Мирасқызы табыстады.

📌«Жас ғалым-2019» номинациясының иегері Жұмахан Гүлназға Әбіштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Дүйсенбаева Жанбибі Сенбаевна марапат ұсынды.