БАХРЕЙНДЕГІ ЖЕҢІС!

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен қараша айында тамаша жаңалық!

 

Білім ордасының дене шынықтыру пәні мұғалімі Әліби Теміртасов қарашаның 11-18-і күндері аралығында Бахрейннің астанасы Манама қаласында аралас жекпе-жектен әлем чемпионатында ІІІ орын алды. Ол әлемнің 52 елінен қатысқан 400 спортшының ішіндегі үздіктердің қатарынан табылды. Бұл жолғы сайыс IMMAF пен WMMAA бірігуімен тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Әліби Теміртасов 56,7 келі салмақ дәрежесінде төрт кездесу өткізді.

  • Менің салмақ деңгейімде 40-тан аса спортшылар қатысты. Бірінші кездесуде финляндиялық Карван Ахмадимен жұдырықтасып жеңіп шықтым. Екінші кездесуімде ирландиялық Иохан Челмамен кездесуім ауырлау болды. Жекпе-жек кезінде аяғымды ауыртып алдым. Бірақ соған қарамастан жеңіп шығып үшінші кездесуімді американдық Шон Стебонспен өткіздім. Финалдағы қарсыласым Руслан Сайтиев жарақатымды біліп шығып, соққы берсе де, сол аяқпен тең дәрежеде жекпе-жек өткізіп шықтым, – дейді Алиби жарыс жайлы.

Әліби бес жылдан бері спортпен тұрақты айналысып келеді. Ол жекпе-жек және аралас жекпе-жек өнерінің шебері. Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі мұғалімдік жолын биылғы оқу жылында бастаған оның әлі де бағындырар белестер көп екеніне сеніміміз мол.

Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!